Қызметтің негізгі бағыттары

Күндізгі стационарда терапиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және басқа да бейіндегі пациенттерге медициналық көрсетілімдерге сәйкес ем жүргізіледі.

Емдеудің негізгі көрсетілімдері:

  • тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін созылмалы аурулардың асқынуы;
  • жоспарлы рецидивке қарсы ем жүргізу;
  • стационарлық емдеуден кейінгі пациенттерді долықтыру емі;
  • инфузиялық терапия жүргізу;
  • емдік-диагностикалық процедураларды орындау;
  • медициналық көрсетілімдерге сәйкес медициналық оңалтудың жекелеген кезеңдерін жүргізу.

Күндізгі стационарда емделудің артықшылықтары

  • тәулік бойы ауруханаға жатқызусыз білікті медициналық көмек алу;
  • емдеу сызбасын жеке таңдау;
  • емделу кезеңінде медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауы;
  • емдеуді күнделікті өмір салтымен қатар жүргізу мүмкіндігі;
  • ауруханаішілік инфекциялардың даму қаупін төмендету;
  • жайлы емделу жағдайлары.

Медициналық көмек

Күндізгі стационарда Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларына сәйкес емдік және диагностикалық іс-шараларды жүргізетін білікті дәрігерлер мен мейіргерлер жұмыс істейді.

Емдеу барысында пациенттерге:

  • дәрігерлік қарап-тексеру және динамикалық бақылау;
  • көктамырішілік, бұлшықетішілік және тері астына инъекциялар;
  • инфузиялық терапия;
  • жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бақылау;
  • медициналық көрсетілімдер бойынша зертханалық және аспаптық зерттеулер;
  • бейінді мамандардың консультациялары жүргізіледі.

Емдеуге қарсы көрсетілімдер

Күндізгі стационарда тәулік бойы медициналық бақылауды, қарқынды терапияны немесе стационарлық емдеуді қажет ететін пациенттерге, сондай-ақ жұқпалы аурулары бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін өзге де жағдайлары бар пациенттерге ем жүргізілмейді.

Госпитализациялау тәртібі

Күндізгі стационарға жатқызу медициналық көрсетілімдер анықталғаннан кейін және қажетті медициналық құжаттар рәсімделген соң дәрігердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Емдеуді бастар алдында пациент емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім береді.

Қарағанды қаласының №4 емханасының күндізгі стационары пациенттерге тәулік бойы стационарда болуды қажет етпей-ақ қолжетімді, қауіпсіз және тиімді стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетіп, сапалы ем алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Блог руководителя

Блог руководителя

Перейти