Отбасылық денсаулық орталығы №3

Отбасылық денсаулық орталығы бөлімшесінің мамандары төмендегі қызметтерді көрсетеді:

  • Тіркелген халыққа бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді.
  • Кестеге сәйкес БМСК дәрігерлерін жұмыс орнында практикалық дағдыларға оқыту ұйымдастырылды. Бұл мақсатта бейінді мамандар тартылып, эндокринологиялық, неврологиялық және кардиологиялық патологиялары бар пациенттердің жекелеген санаттарын диспансерлік бақылау бейінді мамандардан учаскелік дәрігерлерге берілді.
  • БМСК дәрігерлерінің өкілеттіктерін орта медицина қызметкерлеріне беру бөлігінде кеңейтілген мейіргерлік практика (КМП) енгізілуде.

БМСК дәрігерінен мейіргерге берілген функциялар:

  • Босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі патронаж;
  • Жұқпалы ауру ошақтарын бақылау;
  • Вакцинацияны жоспарлау, екпеге жіберу және вакцинациядан кейінгі патронаж (иммунопрофилактика бойынша сертификаты болған жағдайда);
  • Стационардан шыққаннан кейін пациенттерге белсенді бару;
  • Жедел медициналық жәрдем қызметінен түскен белсенді шақыртуларды орындау;
  • Созылмалы аурулары бар диспансерлік пациенттерді үйде қабылдау және белсенді патронаж жүргізу;
  • 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, пациенттерді өз бетінше қабылдау және үйге шақыртуларды өздігінен орындау.

Өз бетінше қабылдауды жоғары және бірінші біліктілік санаты бар, еңбек өтілі кемінде 5 жылды құрайтын және бөлімшелерде тәлімгерлік қызмет атқаратын амбулаториялық бөлімшенің мейіргерлері жүргізеді.

Қызмет көрсету аумағы:

Голубые Пруды: 3/2, 4, 4/2, 4/6, 5, 5/1, 5/2, 5/4, 5/5, 6, 7, 7/14, 8, 9, 9/3, 10, 10/1, 11, 12/1, 12/2, 13, 14, 15, 16, 17, 18. Восток-5 ықшамауданы: 16, 20, 21, 22, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 39. «Томирис» тұрғын үй кешені: 456/1, 456/2, 456/3, 456/4, 456/5. «Орда» тұрғын үй кешені.

Блог руководителя

Блог руководителя

Перейти